Миллиардтар мемлекетке қайтарылуда

449

Шетел асқан ақшаны қайтару жұмыстары қарқын ала бастады.

Миллиардтар мемлекетке қайтарылуда Фото: inbusiness.kz

Бүгін Үкімет тағы 453 млрд теңгенің 204 материалы құзырлылардың қолына берілгенін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

9 іс қаржы мониторингі агенттігіне, 195 құжат Ішкі істер министрлігінің қарауына берілген. Оған сәйкес, 56 адамға қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек Еуропалық Одақ елдерімен, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктеріне 340 жеке тұлға бойынша ақпарат алу үшін сұрау жіберілді. Олар аталған елдер аумағында қолма-қол шетел валютасын декларациялаған. Бүгінде 71 мемлекеттің 53-і тиісті мәліметтерді жіберіп, жалпы қоры 91 млрд теңгеге иелік ететін 4,5 мың тұлғаға талдау жүргізілген. Есеп-шотындағы 260 млн теңгеден астам қаржысын жасырып, заң бұзған 11 адамға шара қолданылған. Еске салсақ, бұған дейін елден заңсыз шығарылған 780 млрд теңге кері қайтарылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу