Миллиардтар жұмсалған концерт кешені сүрілетін болды

438

Атырауда құрылысы 11 жыл бұрын басталған концерт залы мен монша кешені ақыры сүрілетін болды. 

Миллиардтар жұмсалған концерт кешені сүрілетін болды Фото: ЭкспрессК

Іргетасы Бергей Рысқалиевтің кезінде қаланған нысан толық жарамсыз. Қаңырап бос тұрған ғимараттағы темірбетон конструкциялары шіріп кеткен. Енді ол бұзылып, орынына шығармашылық орталық құрылысы түспек. Бұл туралы облыс әкімінің құрылыс саласына жауапты орынбасары Қайрат Нұртаев мәлімдеді.

Айта кетейік, кешенге қазынадан 3 млрд теңге бөлінген. Сақалды құрылысты аяқтау Бергей Рысқалиевтен кейін өңірді басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетов, Нұрлан Ноғаев, Махамбет Досмұхамбетовтардың да қолынан келмеді. Шенділердің бірі оны балалар орталығына, бірі сауда орнына айналдырамыз деп әлек болған еді. 

"Бұрынғы тұрған ғимаратын бұзып, қайтадан концертный зал етіп салуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде енді жеріне байланысты монша да екеуі де сүріледі,қайтадан саламыз. Инвесторлар арқылы саламыз. Қазір келісім сөздер жүргізіліп жатыр. Келер жылы басталады. Жылда солай айтылады енді, бірақ қазір облыс әкімінің тікелей бақылауында тұрған мәселе", деді  Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу