Миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ сотталды – ҰҚК

520

Кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген 20 айыпталушы сотталды.  

Миллиардтарды қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ сотталды – ҰҚК Фото: gov.kz

Бұл туралы inbusiness.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған.

5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттады.

Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді", - делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу