"Тұлпар мініп, ту алған!" республикалық жыр оқу байқауына бір айда 50 мыңнан астам оқушы мен 25 мың ұстаз қатысуға өтініш берген, деп хабарлайды 24.kz.
Қобыланды батырдың жырын мүдірмей жатқа айтқан адамға 1 миллион теңгені иеленеді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолға алынған ауқымды жобаға еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Хабар" агенттігі қолдау көрсетіп отыр.
Тура бір ай бұрын басталған жыр додасына қатысуға ниет білдірген мектеп саны бес мыңға жетіп жығылған. Қатысушылар әуелі Қобыланды батыр жырын жатқа айтып, ондағы көне сөздердің мағынасын түсіндіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу