Аустралияда әлемдегі ең әйгілі донорлардың бірі 88 жасында дүниеден өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның плазмасы кемі 2,4 миллион сәбидің өмірін сақтап қалған, себебі донор Джеймс Харрисонда ерекше сарысу жасау үшін қолданылатын сирек иммуноглобулин (анти-D) бар болған.
"Оның резус факторы теріс жүкті әйелдерге, ана мен балаларға тағайындалады", – деп хабарлайды ВВС.
Джеймс Харрисонның 17 ақпанда Жаңа Оңтүстік Уэльстегі қарттар үйінде қайтыс болғаны жайлы деректер бар, бірақ бұл дерек бүгін ғана жарияланып отыр.
Аустралиялық ұйым Харрисонның 14 жасында кеуде қуысына күрделі операция жасатып, өзіне қан құйғаннан кейін ғана донор болуды шешкенін жазды.
Әлемге әйгілі донор 18 жасында қан плазмасын тапсыра бастаған және оны 81 жасына дейін тұрақты түрде жалғастырған. Осылайша, 2005 жылы ең көп плазма тапсырған донор ретінде әлемдік рекорд орнатты. 2022 жылы ғана бұл рекордты америкалық донор жаңарта алды.