Журналистердің бұл сұрағы "СҚ-Фармация" компаниясының басшыларына қойылғанымен, жауапты ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбек берді. Оның айтуынша елде маска, қорғаныс костюмінің өндірісі едәуір ұлғайған.
"Былтыр елде алғаш коронавирус індеті басталған кезде медициналық бұйымдар мен қажетті қорғаныс құралдарын шығаратын 6-7 кәсіпорын ғана болатын. Қазір олардың саны індетке байланысты едәуір өсті. Ал енді импортқа келер болсақ, иә, олар да (сырттан келетін өнімдер жайлы) көбейіп келеді. Екінші жағынан қажетті медициналық бұйымдардың сырттан әкелінуіне байланысты баға да түсіп жатыр. Яғни бәсеке пайда болады. Отандық өндірушілердің өз өнімдерін сыртқа сатуы жағын да қарастырып жатырмыз. Тиісті мемлекеттік органдар бірлескен бұйрық шығарып, экспорттау мәселесі пысықталуда", – деді Нұрлыбек Асылбек.
Оның айтуынша егер сырттан келетін масканың саны тым көп болса, ол мәселені тиісті мемлекеттік органдар тексереді.
Аян Бекенұлы