Бай-жағалылар Қытайдан кетіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне бет алды

240

Қытайдан 2024 жылдың соңына дейін 15200 миллионер кетеді, керісінше Біріккен Араб Әмірліктеріне 6700 миллионер келеді, ал Ресейден кету қарқыны баяулайды.  

Бай-жағалылар Қытайдан кетіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне бет алды Фото: M.News World

Жеке капитал мен инвестициялар әлеміндегі көші-қон тенденцияларын Henley & Partners Henley Private Wealth Migration Report 2024 есебінде талдады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Есепте долларлық миллионерлердің таза келіп-кету ағындары туралы болжамдар бар (келгендер мен елден кеткендер арасындағы айырмашылық). Есепті сандар тек жаңа елге тұрақты тұруға көшіп келгендерге және онда кемінде алты ай тұратындарға қатысты.

"Қытай, бір жыл бұрынғыдай, миллионерлердің кетуі бойынша бірінші орында тұр, биылғы жылы бұл елмен 15 200 миллионер қоштасады. Ұлыбритания екінші орында — 2025 жылы non-dom арнайы салық режимінің жойылуына байланысты 9500 бай-жағалы басқа жаққа қоныс аудармақ. Үндістан 2024 жылы елден кететін 4300 миллионердің болжамды санымен үшінші орынды иеленді", — деп болжайды зерттеушілер.

Henley & Partners жеке клиенттер бөлімінің басшысы Доминик Волек 2024 жыл жаһандық байлық көші-қонында бетбұрыс болатынын айтты.

"2024 жылы бұрын-соңды болмаған көрсеткіш 128 000 миллионер бір елден екінші қоныс аударыды деп күтілуде, бұл 2023 жылы орнатылған рекорд — 120 000 асып түсті. Геосаяси шиеленістің, экономикалық белгісіздіктің әрі әлеуметтік күйзелістің аясында миллионерлердің ел асуына ықпал етті", - деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, нөлдік табыс салығы, алтын визалар, сәнді өмір салты мен стратегиялық орналасу арқасында БАӘ миллионерлердің көші-қонының негізгі бағыты ретінде қалыптасты. Олар биылғы жылы рекордтық санды, 6700 адамды қабылдауға дайын. Үндістаннан, Таяу Шығыстың кеңірек аймағынан, Ресей мен Африкадан тұрақты жоғары ағынмен көптеген британдықтар мен еуропалықтар Әмірліктерге ең жақын қарсыласы — АҚШ-тан екі есе көп миллионерлерді тартуы мүмкін. Америка 2024 жылы 3800 миллионерді қабылдайды деп болжануда. Сингапур үшінші орында — 3500 миллионер. Дәстүрлі түрде миллионерлердің көші-қоны үшін танымал бағыттар, Канада мен Австралия төртінші және бесінші орындарды алады (сәйкесінше 3200 және 2500 миллионердің таза ағынымен).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу