Миллионерлер тағы да мұхит астын зерттемек

250

Тағы бір батискафқа мұхит астын зерттеуге адам жинау басталды.

Миллионерлер тағы да мұхит астын зерттемек Фото: oceanfdn.org

Өткен жылы Титаникке сүңгу кезінде батискафы батып кеткен OceanGate негізін қалаушылардың бірі Багам аралдарындағы "Дина" көк шұңқырына – тереңдігі 202 метр су астындағы карст шұңқырына сүңгу үшін еріктілер жинап жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты Independent-ке сілтеме жасап.

Осы жолы саяхатты басқа фирма ұйымдастырады, батискаф моделі мен сүңгу құны әзірге құпия. Батып кеткен Титаникке дейін жету құны 22 миллион рубльді құраған еді 

OceanGate компаниясының Titan батискафы 2023 жылдың 18 маусымында Атлант мұхитындағы Титаникке сүңгу басталғаннан кейін екі сағаттан кейін радардан жоғалып кетті. Туристер 3800 метр тереңдікке дейін жетпек болған. 

Борттағы бес адамның арасында британдық миллиардер Хамиш Хардинг – жеке авиация компаниясының төрағасы болды. Сондай-ақ, экипаж мүшелері пәкістандық кәсіпкер Шахзада Давуд пен оның ұлы Сүлейман Давуд болды. Басқа жолаушылар – Титаникке бірнеше экспедицияларды басқарған француз зерттеушісі Пол-Анри Нарголе, сонымен қатар Oceangate негізін қалаушы Стоктон Раш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу