Саяхатшы қаладағы танымал туристік орындарды аралап, Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе және Вознесенск кафедралды шіркеуінде болды.
Осылайша ол Алматының табиғи сұлулығымен, мәдени мұрасымен және заманауи инфрақұрылымымен танысты. Джордж Купер саяхат, табиғат және ерекше туристік бағыттар туралы фото-видео контент әзірлеумен айналысады.
Оның басты бағыты – табиғат көріністерін суретке түсіріп, қызықты мекендерді кең аудиторияға таныстыру.
Сапардан кейін блогер әлеуметтік желідегі парақшаларында Алматы туралы фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялауды жоспарлап отыр.
Бұл шетелдік аудиторияның қалаға деген қызығушылығын арттырып, оның туристік әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.
Болжам бойынша, 2026 жылы Алматыға келетін шетелдік туристер саны 800 мыңға жетеді.