Мильяндағы өрттен Қазақстан азаматтары дін-аман

789

Мильяндағы өрттен Қазақстан азаматтары дін-аман

 

Оңтүстік Кореядағы ауруханадан шыққан өрттен бақилық болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Мильян қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осындай мәлімдеме жасады. Король Седжон есімі берілген клиникаға негізі шетелдіктер емделуге көптеп барады екен. Сондықтан бірінші марқұмдардың аты-жөндері мен азаматтықтары анықталып жатыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, өрт кесірінен өлгендер саны 41 адамға жеткен. Арасында медқызметкерлер бар деседі. Ел президент Мун Чжэ Ин шұғыл жиын өткізіп, құтқару күштерін  жан-жақтан жұмылдыруға тапсырма берген. Тағы 100-ге жуық адам жараланған. Дәрігерлер 9 науқастың ауыр хәлде деп бағалаған. Алдын ала мәлімет бойынша, от аурухананың жәдел көмек беру бөлімінде тұтанған. Бұл уақытта ғимаратта жүзден астам адам болыпты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 1 сағат 40 минут дегенде әрен ауыздықтаған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу