Мина қойылған көлік жарылды

942

Мина қойылған көлік жарылды

Түркияның оңтүстігінде жойқын жарылыс болып, кішкентай бала мен 15 ересек адам жарақат алды. Оқиға елдің Сириямен шекарасына жақын Шанлыурфа провинциясындағы Вираншехир қаласында болған, деп жазады РИА Новости агенттігі.

Жарылыс судьялар мен прокурорлар тұратын жатақханаға жақын жерде орын алған. Бұл мәліметті провинция губернаторы Гюнгёра Азима Туны нақтылаған.

"Мина қойылған көліктің жарылысы салдарынан 3 жастағы бала мен 15 ересек адам жарақат алды", - делінген хабарламада. Одан бөлек агенттікке 3 адамның ажал құшқаны жайлы хабар келіп түскен.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу