"Міндеттеу болмайды": Ұлттық банк банктер арасындағы мобильды аударымдардың комиссиясын төмендету туралы

244

Қазіргі мобильді аударымдар арқылы әр банк өзінің инфрақұрылымын пайдаланып келеді. 

"Міндеттеу болмайды": Ұлттық банк банктер арасындағы мобильды аударымдардың комиссиясын төмендету туралы Фото: КазТАГ

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден "Сенатта өткен дөңгелек үстелде депутаттарға банктердің арасындағы мобильді аударымдардың комиссиясын экожүйе қалыптасқаннан кейін төмендету туралы шешім қабылдаймыз деп айттыңыз. Бұл қаншалықты рас?" деп сұрады.

"Мен төмендетеді деп айтқан жоқпын. Мен төмендетуге мүмкіндік бар екенін айттым. Қазіргі мобильді аударымдар арқылы әр банк өзінің инфрақұрылымын пайдаланады. Банк арасында QR-код жүрмейді. Міндеттеу болмайды", - деді Берік Шолпанқұлов Ұлттық банкте өткен брифинг барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу