Міндетті әскери борышын өтеген астаналықтарды елордада туыстары күтіп алды

188

Астанада запасқа шығарылған әскери қызметшілерді туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды, деп жазады inbusiness.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.   

Міндетті әскери борышын өтеген астаналықтарды елордада туыстары күтіп алды Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Бүгін біз Қонаев қаласының 32363 десанттық-шабуылдау әскері әскери бөлімінің мерзімді қызметтен босатылған сарбаздарын қарсы алып отырмыз. Өткен жылдың үздіктері іріктеуден өтіп, осы бөлімге жолдама алды. Олардың 17 900-ы әскери қызметтен босатылған сарбаздар. Жігіттердің абыроймен қызмет атқарғанын айта кеткен жөн", – дейді Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов.

Сондай-ақ, көктемде 20 мыңнан астам адам әскерге шақырылып, осы жылдың наурыз-маусым айларында демобилизациялау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

"Биыл көптеген жақсы адаммен таныстым. Ең алдымен офицерлер мен сержанттарға қызметі және жауынгерлік дайындықтары үшін алғыс білдіргім келеді. Мен 35-ші гвардиялық-шабуылдаушы бригадада қызмет еткенімді және ұшқыш білімім бар екенін мақтан тұтамын. Қызмет барысында көзқарасым мен құндылықтарым өзгерді. Енді оқуға түсіп, жұмыс істеп, отбасын құрғым келеді", - деді қатардағы жауынгер Ален Заиров.

Көптен күткен кездесуге туыстары мен достары дайындалып жатты. Қызмет еткен сарбаздың анасы қуанышымен бөлісті.

"Әуе-шабуылдау бригадасында қызмет еткен ұлымды қарсы алдым. Біз үшін ол қашанда кішкентай бала болып қала береді, бірақ ол қалыптасқан азамат. Мені тек ана болған адам ғана түсінеді. Ұлымды мақтан тұтамын. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын дегім келеді", – дейді елорда тұрғыны Гүлнар Зайырова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу