Міндетті медициналық сақтандыру 15,9 млн адамды қамтыды

952

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті. 

Міндетті медициналық сақтандыру 15,9 млн адамды қамтыды

Оның сөзінше былтырғы жылдың қаңтарында сақтандыру жүйесі 14, 9 млн адамды қамтыса, биылғы жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 15,9 млн адамға жеткен. Нәтижесінде пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесіне 500 млрд теңге қаржы құйылған. 

"2020 жыл бәрімізге, әсіресе, еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін қиын кезең болды. Медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру кезеңі коронавирус пандемиясымен тұспа-тұс келді. Қордың негізгі міндеті медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру және індетпен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін материалдық қолдау. Қор бұл міндетті толық орындады. Форс-мажорлық жағдайларға қарамастан, міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің бірінші жылының нәтижелері жүйенің толық жұмыс істейтіндігін көрсетті. Ол денсаулық сақтау жүйесіне 500 млрд теңгеден астам қаржы құюға мүмкіндік берді", - деді Болат Төкежанов.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу