Минералды тыңайтқыштар арзандайды – АШМ

1369

Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Минералды тыңайтқыштар арзандайды – АШМ

Елде шаруалар үшін минералды тыңайтқыштар бағасы төмендейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл фермерлерге 400 мың тонна дизель отыны бөлінген, әрі олар тұқыммен қамтамасыз етілген.

"Техниканың дайындығы 92% деңгейінде, жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізіп, қаржыландыру көлемін 70 млрд теңгеге ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 80 млрд теңге бағыттайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 2022 жылы АӨК үшін мемлекеттік қолдау жүйесі өзгеріссіз қалады, бұл фермерлерге егіс жұмысын еш қиындықсыз бастауға мүмкіндік береді.

"29,7 млрд теңге көлемінде пестицидтерді субсидиялау бағдарламасын қаржыландыру қамтамасыз етілді. Бұл егіс алаңын 100% өңдеуді қамтамасыз етеді. Шамамен 659 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі күрделі жағдайда отандық минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету мәселесі қаралады.

"Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп минералды тыңайтқыштардың бағаларын төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен "ҚазАзот" компаниясының басшылығымен кеңес өтті. Нәтижесінде, қос тарап отандық аммиак селитрасының бағасын биыл 16 наурыздан бастап 200 мыңнан теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешімге келді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу