Министр "Астана ЭКСПО-2017" билеттерін күштеп сатпауға шақырды

563

Министр "Астана ЭКСПО-2017" билеттерін күштеп сатпауға шақырды

Білім және ғылым министрілігі мен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшылығы ел ұстаздарын халықаралық көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемей, алдағы ауқымды шараны барынша насихаттауға шақырады, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"ЭКСПО-2017 көрмесі әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналуы тиіс, сондықтан да көпшіліктің осынау әлемдік маңызы бар ауқымды шараның өткізілу құрметі еліміздің еншісіне тигендіктен, оған қатысу ниеті, билеттерді сатып алуы - патриотизмнің белгісі.

Білім және ғылым министрлігі мен ЭКСПО басшылығы жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың басшыларын мұғалімдерді көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырады. Өз тарапынан ҚР БҒМ көрме билеттерін сатып алуға байланысты қандай да бір бұйрық жасамағанын, сонымен қатар мұндай әрекеттерге қарсы екендігін жеткізеді",-деп атап өтілген ҚР БҒМ мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу