Министр 6 ай комада жатқан сарбаздың денсаулығы туралы айтты

654

Әскери бөлімде мүгедек болып қалған сарбаздың жағдайы қандай?

Министр 6 ай комада жатқан сарбаздың денсаулығы туралы айтты Фото: inbusiness.kz

Алматыда әскери бөлімде 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы бақылауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Министр сарбазға қосымша күтім көрсету мәселесін қарастыратынын айтты.

"Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмекті көрсетіп жатырмыз. Қазір оның жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша (күтім көрсететін) персонал керек болса, қамтамасыз етеміз", – деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.

Еске салайық, Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Ол 6 айға жуық уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, биыл мамырда есін жиған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу