Министр "7-20-25" бағдарламасына балама жоба туралы айтты

Жақында "7-20-25" ипотекалық бағдарламасына балама жоба ұсынылады.

Министр "7-20-25" бағдарламасына балама жоба туралы айтты

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізді ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары алаңдатады, бірақ біз жұмыс істейтін, тұратын, отбасын құратын адамдардың негізгі бөлігін ұмытып жатырмыз. Оларды қамтамасыз ету үшін қазір біз атаулы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін қарастырудамыз. Бұл ретте санаттарға бөлмей "отбасының цифрлық портреті" арқылы көмек көрсету ұсынылуда. Бірақ әр отбасына жеке көмек көрсету жоспарланған. Мұның барлығы әлі қарастырылып жатыр. Қазір "отбасының цифрлық портреті" жасалды. Оның жай-жапсары алдағы уақытта нақтыланады", - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрақтарына жауап беріп.

 

Сонымен қатар, оның айтуынша, жақын арада "7-20-25" ипотекалық бағдарламасына балама нұсқасы ұсынылмақ. 

"Жалпы массаны қалай қамтамасыз ете аламыз, қазір "7-20-25" аяқталуға жақын, сондықтан біз басқа бағдарлама ұсынуымыз керек. Біз бұл мәселені ойластырып жатырмыз. Жақында ұсынатын шығармыз. Өйткені оны заң аясында қарастырудамыз. Ең бастысы, бастапқы жарна бар және мүмкіндігінше 7%-дан аспайтын қолжетімді мөлшерлеме белгіленуі керек", - деп жауап берді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу