Министр 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдайды баяндады

Белсенді түрде инвестициялар тарту және бюджет қаражатын тиімді игеруге назар аудару ұсынылды.

Министр 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдайды баяндады  Фото: primeminister.kz

Бұл туралы  Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

"7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай: Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 6 өңірде – Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды", – деді министр. 

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылады.

1. Уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету;

2. Экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар  қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;  

3. Белсенді түрде инвестициялар тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру;

4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу;

5. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу