Министр А.Балаева: "Хабар" арнасындағы ток-шоу жабылады

378

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елді шулатқан "Хабар" арнасындағы "Бірақ" бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасады.  

Министр А.Балаева: "Хабар" арнасындағы ток-шоу жабылады Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қозғалған "Бірақ" бағдарламасының шығарылымы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Министр аталмыш жағдайды назардан тыс қалдырған жоқ.

"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.

Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап "Хабар" арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған "Бірақ..." бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты", - деді ол.

Аида Балаева телеарнада болған жағдай үлкен сабақ болғанын атап, ток-шоудың жабылатынын жазды.

"Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады" - делінген министр постында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу