Көлік министрі Марат Қарабаев редакция тілшісінің осы мәселеге байланысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сөзінше, Air Astana ұшақтары шетелге ұшқанда оның контентін көбінесе шетелдіктер тұтынады.
"Әрине, қазақи отандық құндылықты сақтаймыз, оны бәріміз де алға жылжытамыз, қолдаймыз. Бірақ тұтынушылар кімдер? Мысалы, Air Astana шетелге ұшқанда тұтынушылардың көбі басқа елдің азаматтары. Олар ағылшын, орыс тілдерін түсінуі мүмкін. Меніңше, Air Astana өзі бір талдау жасап, солай жүктеген. Бірақ ол Air Astana-ның қазақ тіліндегі контентті төмендетіп жатыр деген сөз емес. Сіздер мынау жетпей жатыр деңіз, сол ол жақта болады. Ең бастысы бұл тұтынушыға тартымды болса болды. Қазақ тіліндегі барша кино Air Astana-да бар", – деді министр Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, осыған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Air Astana басшылығын сынға алғанын жазғанбыз.