Министр Air Astana ұшағына қатысты оқиға туралы пікір білдірді

686

 Министр Air Astana ұшағына қатысты оқиға туралы пікір білдірді

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ұшып-қону жолағынан шығып кеткен Air Astana компаниясының ұшағымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға мамыр айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында орын алған болатын.  

"Әуеде болған оқиғалар ұзақ уақыт бойы тексеріледі. Мәселен, Шудағы пойыз апаты бойынша тергеу жұмыстары аяқталды, материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Air Astana ұшағы бойынша тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, мұнда адам факторы бар, яғни қызметкерлер қателік жіберген", - деді Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Баспасөз мәслихатынан соң, министр кез келген оқиғаның бірнеше факторлардан болатынын түсіндірді.

"Техникада еш ақау болмаған, ауа райы жағдайы өте қиын болды. Бірақ, бұл ұшаққа дейін де, кейін де әуе кемелері ұшып-қонды. Сондықтан, пилот пен диспетчер қызметінің жұмыстары тексеріліп жатыр", - деді ол.

Еске сала кетсек, төтенше оқиға мамыр айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында тіркелді. "Эйр Астана" әуекомпаниясының Шымкент - Астана бағытындағы Airbus-320 ұшағы қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Айта кетейік, сол уақытта бұршақ аралас жаңбыр жауып тұрған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу