Министр Айтбек Амангелдінің үстінен іс қозғалғанын растады

1170

Ішкі істер министрі жағдайға түсініктеме берді.

Министр Айтбек Амангелдінің үстінен іс қозғалғанын растады Фото: jogargy sot

Ертісбаев Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жалған ақпарат бойынша қылмыстық істің қозғалғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда Айтбек Амангелді өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмейтінін айтты. 

Министр Ержан Сәденовтің айтуынша, қозғалған қылмыстық іс бойынша фигуранттардың ішінде Айтбек Амангелді бар деді.

"Іс бар, бірақ нақты бір адамға қарсы қозғалған жоқ. Біз мәлімдемелерді тексереміз”, – деді Сәденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу