Министр: Ақтөбедегі манту орнына БЦЖ салу оқиғасына қатысты тергеу аяқталған жоқ

584

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақтөбедегі мектеп оқушыларына манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған медбикенің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Министр: Ақтөбедегі манту орнына БЦЖ салу оқиғасына қатысты тергеу аяқталған жоқ Фото: aktobe.city

"Бұл іс оның жұмыстан босатылғанына немесе жұмысын жалғастырғанына қарамастан, құқық қорғау органдарына жіберілді. Осы дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның жұмыстан өз еркімен кетуі туралы арыз жазғанына тоқталсақ, осындай шешім жасау - оның құқығы. Атап айтқанда, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Осыдан 12 күн бұрын Ақтөбеде манту сынамасын шатастырған медбике өз еркімен қызметтен кеткенін жазған болатынбыз.

Естеріңізге салсақ, қыркүйек айында Ақтөбедегі мектептердің бірінде медицина қызметкері  мантудың орнына тірі вакцина еккен. Кейін екі аптадан соң ата-аналар балаларының дене қызуы көтеріліп, қолы іріңдеп кеткенін айтып шағымданады. Бірінші сыныптың 42 оқушысының ата-анасы дереу тексеру жүргізуді талап еткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу