"Бүгін таңғы сағат 4 кезінде Ақтөбедегі "Альтаир" техникалық қызмет көрсеу стансасының жалпы ауданы 1000 шаршы метр болатын қосқабатты ғимаратында газбен ауа қоспасының жарылысы болды. Ғимараттың 600 шаршы метрдей бөлігі қирады. Алдын ала нұсқа бойынша бойынша газ бен ауа қоспасы сыртқа тараған. Оның ішінде сондағы көліктен де тараған", – деген министр апат салдарынан кісі өлімі тіркелгенін мәлім етті.
"Осы жерде әріптесімнің ақпаратын тыңдап отырған кезде өңірлік департамент басшысы маған шұғыл ақпарат берді. Ғимаратты күзеткен күзетшінің денесі табылған. Үйінділердің арасынан аршып алынды. Өлім жағдайы тіркеліп отыр. Бұл факті бойынша әрі қарайғы тергеу мен оқиға себептері туралы жеке хабарланады", – деді министр.