Министр алимент қорындағы ақшаның қалай жұмсалатынын білмейді

578

Осыдан біраз бұрын республикалық жеке сот орындаушылары палатасы базасында алимент төлеушілер қоры құрылды.  

Министр алимент қорындағы ақшаның қалай жұмсалатынын білмейді

Аталмыш қор алимент төлеушілер қиындыққа тап болған кезде олардың қарызын өтеп беріп отыруды мақсат тұтты. Шарт бойынша алимент қорына жүгінген адамдар, бұрынғы отбасыларына төлеген ақшаларын жағдайы жақсарғанда қорға қайтаруға міндеттеледі.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың баяндауынша, алимент төлеушілерге арналған көмек қорына 38 млн теңге жиналған.

"Бұл ақша қалай жұмсалатынын білмеймін. Әділет министрлігі бұл процеске қатыспайды. Бұл бюджеттің қаражаты емес, сот орындаушыларының қоры. Жиналған қаражат қалай жұмсалатынын солардан сұрау керек", –  деді Марат Бекетаев

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу