Министр: Алматы әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер берілді

784

Әкімдік барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдаса, министрлік барлық міндеттемелердің орындалуын бақылайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр: Алматы әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер берілді

Министрдің айтуынша Алматыда қосымша білім беруді дамыту жұмыстары жақсы жолға қойылған. 

“Қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын мойындау керек. Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады”, – деп жазылған хабарламада. 

Министр нормативтік актілерде арнайы шарттар мен құзыреттерді қарастырылатынын атап өтті. 

"Өз тарапынан әкімдік басшылығы барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдауға міндеттеме алады. Ал министрлік барлық жарияланған міндеттеменің орындалуын бақылауда ұстайды", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу