Министр: Әскери сала ардагерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер жасалады

134

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қарулы Күштердің ардагерлері мен зейнеткерлеріне әлеуметтік қолдаудың жаңа жеңілдіктерін ұсынды.  

Министр: Әскери сала ардагерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер жасалады Фото: gov.kz

Атап айтқанда, ведомство коммуналдық өтемақыға өзгерістер енгізуді, әскери қызметшілерге тегін жол жүру мен әлеуметтік төлемдерді қайтаруды қарастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыстан шығарылған азаматтарға зейнетақыны индексациялайтын заң жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Одан бөлек әскери қызметшілер мен ардагерлерге медициналық көмек пен санаторлық-курорттық емдеуді жақсарту шаралары қабылданады. 2024 жылы 100-ден астам әскери зейнеткер стационарлық ем алды. Ал 2300-ден астам ардагер клиникалық-диагностикалық көмек алды. 2025 жылы санаторлық-курорттық емделуге 488 жолдама бөлу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу