Министр астық түсімінің болжамдағыдан төмен болатынын айтты

745

Қазіргі кезде астық 1,2 млн тоннаға кем жиналған. 

Министр астық түсімінің болжамдағыдан төмен болатынын айтты

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылы 19,5 млн тонна астық жиналады деп болжаған болатын. Алайда ведомства басшысы Сапархан Омаров бұл көрсеткіштер 18-18,5 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін екенін атап өтті.

"Қостанай мен Ақтөбе өңірінде қуаңшылық басталған кезде биыл болжанғаннан 1-1,5 млн тонна аз астық жинайтынымызды ескерткен болатынмын. Бүгінде жағдай осындай. Бізге мәлім ақпараттар бойынша, қазіргі кезде 1,2 млн тоннаға астықты кем жиналды. Қорытынды көрсеткіштерді егінді толық орып біткен соң білеміз",– деді Сапархан Омаров журналистерге жиын сыртынан тыс болған әңгімеде.

Сонымен қатар, министрлік басшысы "биыл шамамен 18-18,5 млн тонна асық жинауымыз мүмкін" деп атап өтті.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылы бұл көрсеткіш 19,5 млн тоннаға жетеді деп болжаған еді. 

Қазіргі кезде дәнді-дақыл мен дәнді бұршақ  алқаптардың 70%- ына шалғы түскен. Егін орудың аяқталуына шамамен екі апта қалды. 

Еске сала кетсек, 2018 жылы ауыл шаруашылығы министрлігі бункерлік салмақта – 22,8 млн тонна, таза салмақта – 20,3 млн тонна астық алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу