Министр ата-аналарға балаларын үйде алып қалуға кеңес берді

1031

Бүгінгі күні балалардың 40%-ы балабақшаға барып жүр.  

Министр ата-аналарға балаларын үйде алып қалуға кеңес берді

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналарды балаларының балабақша мен білімін дамыту орталықтарына барудан уақытша бас тарта тұруға шақырды.

"Балабақшалар штатты режимде жұмыс істеп тұр. Бұрын бала балабақшаға бірнеше күн бармаса, орнын босатуына тура келетін. Ол норманы алып тастадық. Қазіргі кезде бала балабақшаға бармаса да орны сақталып қалады. Баласының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бару-бармауын ата-анасы шешеді. Біздің жүргізген мониторингімізге сәйкес, бүгінгі күні балалардың 40%-ы балабақшаға барып жүр. Ата-аналарға балаларын үйінде алып қалуы жайлы ұсыныс жасап отырмыз. Бірақ, әрине, ол үшін тиісті жағдай болуы керек", – деген министр.

Сондай-ақ ол балабақшалардан басқа да, адам көп жиналатын білім беру орталықтарына балаларын апармай тұра тұруға кеңес берді.

"16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылды. Осындай ұйымдарға жататын оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, көркемсурет, музыка, өнер мектебі жұмысын тоқтаттық.  Ал әр түрлі үйірмелер, дамыту орталықтары тәрізді жекеменшік білім беру ұйымдарының жұмыс істеуі біздің құзыретімізге жатпайды. Десек те, ата-аналарға осындай ұйымдарға балаларын апармай, сәл күте тұрғаны дұрыс болады", – деп кеңес берді Асхат Аймағамбетов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу