Министр әуе билетін сатып алатын сервистен азаматтардың деректерінің ұрлануына қатысты пікір білдірді

223

Жақында әуе билетін сатып алатын сервистерден қазақстандықтардың жеке деректері ұрланды деген ақпарат тарады.  

Министр әуе билетін сатып алатын сервистен азаматтардың деректерінің ұрлануына қатысты пікір білдірді Фото: Үкімет

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев осы мәселеге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өзіңіз айтып кеткендей, деректер шетел базасында болған. Олар – шетел компаниялары. Бұл біздің құқықтық құзыретімізге кірмейді", – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз брифингінде.

Бұдан бөлек осы оқиға бойынша ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы пікір білдірді.

"Бұл деректер Ресей Федерациясының аумағында таралып кеткен. "Сирена трэвэл" деп аталатын ресейлік компания. Мұнда әуе билеттерін брондау қызметі бар. Бронь нөмірі бойынша ұшаққа онлайн тіркелуге, орын алуға болады. ТМД елдерінде де осындай жүйе бар. Біздің компаниялар кінәлі емес. Олар біздің азаматтарымыз сияқты зардап шекті. Біз "Роскомнадзорға" хат жібердік. Себебі Ресей Федерациясының заңы бойынша да бұл заң бұзушылық болып саналады", – деді комитеті өкілі.

Министрлік бұл оқиға бойынша талдау жүргізген. Хабарлауынша, таралып кеткен деректердің арасында адамдардың аты-жөні мен жеке куәлігінің мәліметтері бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу