Министр Асхат Аймағамбетов ауыл мектебінің жайымен танысты

635

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп жазады inbusiness.kz.  

Министр Асхат Аймағамбетов ауыл мектебінің жайымен танысты Фото: facebook/askhat.aimagambetov

"Еліміздің барлық аймағындағы мектептерге, балабақшаларға, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына жиі баруға тырысамын. Жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болғанымда Астрахан ауылындағы мектепте болдым", - деп жазды Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында.

Сапар барысында облыстың білім басқармасына білім ордасында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілген.

Биыл аталған мектепте биология кабинетін жаңа модификациямен жабдықтау, көркем әдебиет, мектеп оқулықтарын сатып алу, ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп жиһаздарын сатып алу, мектептің жылы дәретханаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу және ғимаратты күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Сапар барысында кемшіліктер анықталған барлық мектепті бақылауда ұстап, оларды жою жұмыстарын қамтамасыз ететіні жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу