Министр ауыр жарақаттарға арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды

244

Бұл ретте медициналық өнімдерге қойылатын негізгі талаптар – олардың сапасы мен қауіпсіздігі.  

Министр ауыр жарақаттарға арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми-өндірістік орталығына барып, сынықтар мен ауыр жарақаттарды емдеуге арналған отандық медициналық бұйымдардың сериялық өндірісімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорында әмбебап ортопедиялық құрылғылар, сыртқы фиксация аппараттары, арнайы құралдар және травматологияға арналған басқа да бұйымдар шығарылады. Өнімдер мемлекеттік тіркеуден өткен, ал кәсіпорын әзірлемелері патентпен қорғалған.

"Ауыр жарақат туралы сөз болғанда, уақыттың әр минуты маңызды. Дәрігерде пациентке уақтылы көмек көрсету үшін қажетті барлық құрал болуы керек. Егер елімізде дәрігерлерімізге қажет, тіркелген, сапалы әрі қауіпсіз өнім шығарылса, біз мұндай өндірісті дамытуға жағдай жасауымыз қажет", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Қазір Қазақстанда медициналық бұйымдар шығаратын 100-ден астам өндірістік алаң жұмыс істейді. Оның ішінде травматологияға арналған өнімдер өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Отандық өндірісті дамыту медициналық ұйымдарды қажетті бұйымдармен тұрақты қамтамасыз етуге және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша Ақмарал Әлназарова медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, травматологияға арналған отандық медициналық бұйымдар өндірісін кеңейту жөніндегі жеке жоспар әзірлеуді тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу