Министр аз қоныстанған ауылдар интернетке қалай қосылатынын айтты

360

Елімізде 3 спутниктік интернет операторы бар.

Министр аз қоныстанған ауылдар интернетке қалай қосылатынын айтты Фото: primeminister.kz

2025 жылдың соңына дейін басқа технологиялар жете алмаған 504 ауыл спутниктік интернетке қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы алыс және аз қоныстанған ауылдарды интернетпен қамту мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатқанын айтты. 

"2025 жылдың соңына дейін басқа технологиялар жете алмаған 504 ауыл спутниктік интернетке қосылады. Қазір ел нарығында 3 спутниктік интернет операторы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін нарыққа тағы 2 компания келеді деп күтілуде, олардың пилоттық сынақтары 2026 жылы өтеді. Сонымен қатар 2025-2026 жылдары ел аумағында Direct to cell (D2C) қызметін іске қосу жоспарлануда. Бұл жоба ел аумағын ұялы байланыспен толықтай қамтиды. Бірінші кезеңде 2026 жылы SMS-хабарламалар қолжетімді болады", – деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Жаслан Мәдиев 2027 жылы дауыс байланысы мен деректерді беру қызметтерін көрсету жоспарланып отырғанын айтты 

"Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан спутниктік байланыс бойынша цифрлық хабқа айналуда", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу