Энергетика министрі Болат Ақшолақов Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысымен кездесті

561

Еліміздің энергетика министрі Болат Ақшолақов пен Халықаралық энергетикалық хартияның Бас хатшысы Ги Ленц Энергетикалық хартияның аясында бірлескен өзара іс қимылды талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Халықаралық Энергетикалық Хартияның Бас хатшысымен кездесті Фото: gov.kz

Кездесуде тараптар энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың ауқымды мәселелерін талқылады және Энергетикалық Хартияға Шартты жаңарту жөніндегі келіссөздер процесінің сәтті аяқталғанына тоқталды. Оған сәйкес тараптар өзара тиімді халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмыстарды жалғастырмақ.

Қолдау тапқан бастамалар мен идеялар шартты жаңғырту процесіне қатысушылардың жемісті жұмыстарының қорытындысы болады деп күтілуде. Бұл инвесторлардың энергетикалық секторға қызығушылығын арттырмақ.

Қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу бойынша жұмысты бастады. Халықаралық тәжірибеге газ және теңіз жобаларын қоса алғанда, күрделі жобаларды әзірлеу кезінде инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етеді.

Кездесу соңында Болат Ақшолақов Энергетикалық Хартияның жоғары деңгейдегі диалог платформасы ретіндегі зор үлесін атап өтіп, қатысушылардың энергетикалық ынтымақтастықты тұрақты дамытуына сенім білдірді.

Анықтама: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсаннан бастап Еуропалық Энергетикалық Хартияның мүшесі болып табылады, 1995 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Энергетикалық Хартияға Шартқа қол қойып, ратификациялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу