Министр Бағдат Мусин отбасымен бірге сайлауда дауыс берді

774

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы №58 учаскеде өз таңдауын жасады.  

Министр Бағдат Мусин отбасымен бірге сайлауда дауыс берді Фото: zakon.kz

“Ең бастысы таңдау мүмкіндігінің болғаны. Мемлекет басшысы таңдау еркіндігі деп  насихаттағаны да сол – кез келген азаматтың өзін өзі ұсына алуында. Ұзын-сонар бюллетеньдер – демократия бар екендігінің дәлелі. Таңдау еркіндігі бар. Дауыс бергісі келетін адам сайтта кез келген үміткер туралы барлық ақпаратпен таныса алады. Бұл ретте бірнеше сайт бар, кеше ғана өзім қараған едім. Астана бойынша да жеке сайт бар, EGOV пен ОСК сайтында да бар. Өте ыңғайлы. Мен цифрландыруға жауаптымын. Бүгін цифрлық куәлігімді көрсеттім. Бәрі дұрыс өтті”, - деп атап өтті министр.

Сайлау учаскесіне ведомство басшысы жұбайымен және ұлымен келді.

“Балаларға бұның бәрін не үшін жасап отырғанымызды түсіндіру қажет. Екіншіден, баланы үйде қалдыратын адам болмағаннан кейін, оны өзімізбен бірге алдық”, - деді Бағдат Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу