Министр БАҚ өкілдерін дәстүрлі Тамыз кеңесіне шақырды

1950

Асхат Аймағамбетов бұқаралық ақпарат құралдарында қате ақпараттардың көптігін айтады.

Министр БАҚ өкілдерін дәстүрлі Тамыз кеңесіне шақырды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барлық БАҚ өкілдерін дәстүрлі Тамыз кеңесіне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019-2020 оқу жылдарының жаңалықтарына келер болсақ, бұқаралық ақпарат құралдарында өте қате және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат көп. Сондықтан, 16 тамыз күні дәстүрлі Тамыз кеңесі өтеді. Сол кеңеске барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз. Кеңесте бар өңірден педагогтарды шақырып, талқылаймыз. Әдістемелік нұсқаулық бүкіл өңірлерге жіберіледі. Тиісті брифингті өткіземіз. Сонда барлық жаңалықтарды жіктеп, беретін боламыз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, қате ақпараттардың көбі латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне қатысты екенін айтады.

"Латын қарпіндегі қазақ әліпбиі бойынша әртүрлі ақпарат жүр. Бір ақпаратта жаңа әліпбидің 2019 жылы, бір ақпаратта 2020 жылы енгізілетіні жазылған. Ал негізінен бекітілген жалпы кестенің барын өздеріңіз білесіздер. Қазір осы латын әліпбиіне көшу үшін тиісті емле-ережелер жасалып, пилоттық жобалар басталуы керек. Сондықтан, кестеге сәйкес бірте-бірте көшетін боламыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу