Министр Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы мәлімдеме жасады

554

Министр бұл туралы Facebook-парақшасында жариялады.

Министр Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы мәлімдеме жасады Фото: ОКҚ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 150 мыңнан аса дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балаева Facebook-парақшасында, Қазақстанда 2024 жылдың сәуірінде онлайн өтініштер беруге арналған арнайы платформа іске қосылатынын жазды.

"Қоғамдық бақылау туралы" заңға сәйкес бұл өтінішке сипатталған процедуралар шынымен де қолданылмайды. Дегенмен, кез келген дауыс мемлекет үшін өте маңызды, біз халықтың пікірін тыңдаймыз. Әсіресе, ол адам өмірі мен денсаулығына қатысты болса. Қазақстандықтардың осындай ауыр тақырыптағы ерік-жігерін елемеу мүмкін емес", - деді министр.

Оның айтуынша, 6 желтоқсанда үкімет деңгейінде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша талқылаулар өткен. Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары да талқыланғаны айтылды. Сонымен қатар, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия осы тақырып бойынша кешенді жоспар әзірлеп жатыр.

"Тағы да қайталайын: өтініш мемлекеттік органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында жұмыс істеген кезде ескерілетін болады. Біз осы петицияға бастамашы болған бірқатар сарапшылармен тұрақты байланыстамыз және олардың пікірлерін ескереміз", - деп жазды Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу