Министр балаларды жазда оқыту туралы ұсынысқа жауап берді

1034

Қазір әлемнің 167 еліндегі миллиардтан астам бала қашықтан білім алуға көшкен.  

Министр балаларды жазда оқыту туралы ұсынысқа жауап берді

Интернеттің болмауы мен техникалық ақаудың салдарынан кейбір ата-ана балаларын дұрыс оқыта алмай отыр. Ата-аналардың айтуынша, биылғы жылғы төртінші тоқсанды тоқтатып, жағдай түзелгенде дәстүрлі білім беруді жалғастыру керек. Осы мәселеге қатысты министр өз ойын ортаға салды. 

"Бұл күрделі кезең қашан аяқталатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Әлемнің 167 еліндегі миллиардтан астам бала қашықтан білім алуға көшті. Қазір оқу үдерісін тоқтатуға болмайды. Бізге адамдар екі түрлі ұсыныс жасап отыр. Біріншісі – оқу үдерісін толықтай тоқтатып, жылдық қорытынды бағаны шығару. Бұл пікірмен түбегейлі келіспейміз. Екіншісі – оқу үдерісін шілде, тамыз айлары тәрізді басқа уақытқа ауыстыру. Айтайын, шілде, тамыз айларында оқып, ары қарай қайтадан оқу жылын бастау, балалар үшін өте қиын. Әдістемелік тұрғыдан да төртінші тоқсанда өтетін оқу материалдары үшінші тоқсан материалдарымен байланысты. Оның үстіне өте ұзақ каникул кезінде балалар өткенін ұмытып қалуы мүмкін. Жаз кезінде мектептерде жөндеу жұмыстары, оқу жылына дайындық жүргізіледі. Оңтүстік өңірлерде, тіпті солтүстікте де жаз кезінде 30-40 градус ыстық болғанда, мектептерде оқуға қолайлы жағдай жасалмаған. Сол себепті, әлемнің барлық елдері оқуды жалғастыруға шешім қабылдады. Қазір білім беруді жалғастыру керек. Әрине, оңай болмасы анық, дегенмен де балалар икемделіп алады. Біздің ойымызша, бұл – дұрыс саясат. Балаларға және білім беру жүйесіне қажет әрі нәтижелі шешім", – деп атап айтты министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу