Министр барлық дау емделушінің пайдасына шешілу керек екенін айтты

919

Министр елорданың Орталық темір жол ауруханасында болып, онда Мемлекет басшысының осы медициналық мекемедегі пациенттердің тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді.  

Министр барлық дау емделушінің пайдасына шешілу керек екенін айтты

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында елорданың бірқатар медициналық нысандарын аралады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аурухана бөлімшелерін басқа жерге көшіру үшін екі корпуста жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: гинекологиялық корпус және жеті қабатты ғимарат.

Тексеру барысында Елжан Біртанов қажет емес бөлмелерді оңтайландыру арқылы ауруларды қабылдау бөлмесінің ауданын ұлғайтуға назар аударды, сонымен қатар жедел және жоспарлы түрде келетін науқастардың ағымын реттеуді, хирургиялық корпусты жөндеу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, министр аталған медициналық мекеменің жағдайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іс жүзінде іске асырылуын, атап айтқанда, медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысын және олардың интеграциялануын тексерді.

Елжан Біртанов атап өткендей, МӘМС аясындағы барлық техникалық олқылықтар пациенттің пайдасына шешілуі керек және тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін медициналық қызмет көрсету сапасының жақсарғанын сезінуі керек.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының аралаған нысандарының бірі №2 қалалық емхана болды. Е. Біртанов МӘМС жағдайында пациенттерге қалай қаралып жатқанын және тұрғындар үшін қандай мүмкіндіктер жасалғанын қарады. Министр ақпараттық жүйелердің жұмысына, атап айтқанда, пациенттерді сақтандыру мәртебесі бойынша бөлуге және медициналық сақтандыру жүйесіне әлі қатыспаған азаматтарды тіркеуге ерекше көңіл бөлді.

Медициналық ұйым мамандарының айтуынша, бұл емханаға күн сайын 440-қа жуық адам келеді, олардың 60%-дан астамында сақтандыру мәртебесі бар. Елжан Біртанов пациенттердің негізгі бөлігі – балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жүкті әйелдер, студенттер – Медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарналар төлейтін 15 жеңілдікті санатқа енетінін ескере отырып, Министрліктің болжамдары бойынша, сақтандырылғандар кем дегенде 80% болуы қажет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу