Инспекцияның екінші күні аясында ведомство басшысы Бөрлі ауданына барып, су тасқыны қаупі бар учаскелерді, салынған бөгендердің ұзындығы мен беріктігін, сондай-ақ тез салынатын бастиондарды қарап шықты.
"Су тасқыны мен оның салдарын болдырмау үшін монтаждау-құрылыс іс-шараларын қоса алғанда, бірқатар күрделі және ауқымды жұмыстар жүргізілді. Су тасқынына қарсы барлық шаралар уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылуы маңызды", – деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Министр жергілікті қызметтерге қауіпті аймақтарға ерекше назар аударуды тапсырды.