Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжілісте өткен брифингте бензин бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы мұнай өнімдерінің бағасы ішкі сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын айтты.
"Мораторий экономиканы тұрақтандыру үшін өткен жылдың аяғында енгізілді. Ол осы жылдың 31 наурызына дейін жалғасады. 31 наурызда қандай жағдай қалыптасатынын айта алмаймын. Мораторий алынып тасталған жағдайда нарық бағаны өзі реттейді. Бірақ Энергетика министрлігі бұл түзету қазақстандықтар үшін қатты әсер етпес үшін қолынан келгенді жасайды. Біз бағаның күрт көтерілуіне жол бермейміз", – деді Ерлан Ақкенженов.
Айта кету керек, бұған дейін министр авиаотын бағасы қаншадан екенін айтқанын жазғанбыз.