Министр білім саласындағы маңызды зерттеуді таныстырды

587

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласындағы маңызды зерттеуді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр білім саласындағы маңызды зерттеуді таныстырды

"Сіздерді білім саласындағы қызықты және маңызды зерттеулермен таныстыруды жалғастырамын. Бұл жолғы талдау - ЭЫДҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен талдауы. PISA-2018 нәтижелері бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы білім сапасы туралы көптеген пайдалы ақпарат бар. Талдау жаңа, 2021 жылғы", - деп жазды министр Telegram-дағы арнасында.

Оның айтуынша, төмендегі графиктер педагогикалық білім мен мұғалім мамандығын дамыту бойынша қабылданған шешімдердің дәлелдер базасын толықтырады.

"Графиктер – бұл "Педагог мәртебесі туралы" заң не үшін қажет болғаны, педагог мамандығына түсу үшін шекті балды күрт көтерудің, мұғалімдерді аттестациялау мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізу мен оны жетілдірудің себебі, сондай-ақ неліктен мамандыққа жіберу үшін дипломы бар университет түлектеріне емтихан тапсырудың, жұмысқа орналасудың конкурстық жүйесін енгізудің және тағы басқа жауабы. 
Деректер қолайсыз, бірақ енгізіліп жатқан қажетті шаралардың маңызын растайды", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу