Министр биыл қанша шақырым жол жөнделетінін айтты

167

Өткен жылы жол жөндеу жұмыстары 12 мың шақырымды қамтыды.

Министр биыл қанша шақырым жол жөнделетінін айтты Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев биыл республика бойынша жөндеу жұмыстары 13 мың шақырым жолды қамтитынын, жыл соңына дейін 9 мың шақырым жолда жұмыстарды аяқтау жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда елді мекендердің жолдары мен көшелерінің жалпы ұзындығы – 168 мың шақырым. Оның ішінде 25 мың шақырымы – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды байланыстыратын және халықаралық транзиттік бағыттар бойында орналасқан республикалық маңызы бар автожолдар, 70 мың – облыстық және аудандық маңызы бар немесе облысішілік жолдар, 73 мың – елді мекендер ішіндегі көше-жол желісі", – деді ведомство басшысы Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Марат Қарабаев республикалық маңызы бар автожолдар желісі Көлік министрлігінің құзыретіне жататынын еске салды. Облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендердің көшелері жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.

Өткен жылы жол жөндеу жұмыстары 12 мың шақырымды қамтыды, оның 7 мың шақырымында жұмыстар аяқталды. 

"Биыл республика бойынша жөндеу жұмыстары 13 мың шақырым жолды қамтиды. Оның ішінде республикалық маңызы бар желі бойынша – 2 мың шақырымнан астам қайта жаңарту, облыс орталықтары арасындағы жолдарды жөндеу – 6,6 мың шақырым, жергілікті желі бойынша – 4,2 мың шақырым. Жыл соңына дейін 9 мың шақырым жолда жұмыстарды аяқтау жоспарланған", – деді Көлік министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу