Министр бизнестің әлеуетті салаларын атады

632

Экономикалық өсімнің дәстүрлі драйверлері кеми береді. 

Министр бизнестің әлеуетті салаларын атады

Халық алдында есеп беру кездесуінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов карантиндік шектеуден кейін қай сала ел экономикасының ұйытқысына айналатынына болжам жасады.

"Әрине, карантиндік шектеу шаралары экономиканың құрылымына әсер етеді. Бүгінгі күннің өзінде экономиканың әртүрлі секторында өзгерістерді көріп отырмыз. Қазіргі үдерістерге көз жүгіртсек, ішкі туризм, онлайн сауда-саттық, көлікпен жеткізу, транзит, ІТ саласы, қызмет көрсету, әсіресе білім беру, медицина қызметінің әлеуеті бар екенін байқаймыз. Жалпы цифрландыру, қашықтықтан жұмыс істеу әдістерін қолданып қызмет көрсету белсенді түрде жүргізіліп, экономикалық қызметтің барлық саласына дендеп енеді. Сонымен қатар, мұнай мен металл тәрізді экономикалық өсімнің дәстүрлі драйверлері кеми береді. Өйткені қазіргі кезде шикізат нарығында сұраныс айтарлықтай өзгерістерге ұшырап жатыр. Дегенмен, ауыл шаруашылығы кешені, азық-түлік өндірісі зор әлеуетке ие. Бұл сала тек өндіріс тұрғысынан ғана маңызды емес, сондай-ақ өте көп адамды жұмыспен де қамтамасыз ете алады", – деп атап айтты Руслан Дәленов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу