Министр Бурабайды Лас-Вегасқа айналдырудың жолын ұсынды

926

Министр Бурабайды Лас-Вегасқа айналдырудың жолын ұсынды

Арыстанбек Мұxамедиұлы Бурабайды Лас-Вегасқа айналдырудың жолын ұсынды. Министрдің айтуынша, Бурабайда әлемдік деңгейдегі мәдени нысандар жоқ. Сол себепті, xалықаралық шаралар жиі өткізіп, киноларды көптеп түсіру қажет дейді. Жақында Universal studio компаниясының өкілдері келіп, елімізді көріп, кино түсіру бойынша мүмкіндіктері жоғары екенін айтқанын да жеткізді.

Сонымен қатар, бас қосуда "Шортанды-Бурабай" курорттық аймағының әлеуетін дамыту таныстырылымы өтті. 2020 жылға дейін курорттық аймақты дамытудың үшінші кезеңін жүзеге асыруға 61 млрд теңге бөлінді. Онда инвесторларды тарту үшін мемлекет жалпы ауданы 233 гектар болатын жер учаскесін бөліп береді. Бұл жерде спорттық және сауықтыру орталықтарын, аквапарктер, ойын-сауық парктерін, сауда орталықтары мен қонақ үйлер салуды көзделуде.

Арыстанбек Мұxамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт министрі:

"Мәселен, әлемдік ойын-сауық орталығына айналған Лас-Вегаста миллиардтаған туристерді мәдени шаралар арқылы тартады. Лос-Анжелесте орналасқан "Мемориал Колизеум" стадионында екі бірдей Олимпиада өтті. Бұдан бөлек, әлемге танымал жұлдыздардың концерттері өтіп тұрады. Сол сияқты Торонто қаласындағы Эйр Канада орталығында жыл сайын 200-ден астам шара ұйымдастырылады. Соның арқасында он жылдың ішінде 2,5 млрд доллар пайда түсті. Біздегі "Бурабай Конгресс орталығы" тура сондай көпфункционалды мәдени-сауық орталығына айналады деген сенім бар. Ол жерде әлемдік маңызы бар шараларды өткізуге барлық жағдай жасалады"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу