Министр Дархан Қыдырәлі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

638

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Екиджимен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.  

Министр Дархан Қыдырәлі Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті Фото: facebook/darhan.hidirali

Кездесу туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі facebook парақшасында жазды.

Жүздесу түрік тарапының бастамасы бойынша Өкілетті елшінің миссиясының аяқталуына орай өтті.

Жиын барысында Дархан Қыдырәлі Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы және министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша ақпарат берді.

"Кейінгі үш жылда қазақ-түрік қатынастары одан әрі нығайып, қос тарап түрлі салаларда, әсіресе медиа, жастар саясаты бағытында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асты", - деді ол.

Өз кезегінде Уфук Экиджи мырза министрліктің құзіретіндегі салалардың қызметіне жоғары бағасын берді.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Уфук Екиджи мырзаның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, алдағы маңызды әрі жауапты қызметтеріне толайым табыстар тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу