Министр демалыстарын тоқтатудан бас тартқан туристердің әрекетін жауапсыздыққа балады

714

Жалпы төтенше жағдай жарияланғалы бері Қазақстан 6 мың туристі кері қайтарды.  

Министр демалыстарын тоқтатудан бас тартқан туристердің әрекетін жауапсыздыққа балады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлемде коронавирус пандемиясының жүріп жатқанына қарамастан,  демалыстарын тоқтатып, елге қайтудан бас тартқан туристердің әрекетін жауапсыздық деп атады.

"Өкінішке қарай, толық демалыс уақыты аяқталғанша сол елде қалып, кері қайтқылары келмеген туристер болды. Бұл жауапсыздықтың белгісі. Себебі қазір дәрігерлерге бөлуге болатын тестілерді мыңдап туристерге жұмсаудамыз", – деді министр.

Жалпы төтенше жағдай жарияланғалы бері Қазақстан 6 мың туристі кері қайтарды. Алдағы уақытта тағы 145 саяхатшыны қайтару жоспарлануда.

"Бүгін таңы 145 туристі қайтару жоспарлануда. Осы бағытта көптеген жұмыстар арқарылуда. Әсіресе,Үкімет пен "Туристік Қамқор" қоры көп күш салуда. Алайда шетелде түрлі себептермен қор көмегін алудан бас тартқан әлі 60 адам бар. Олармен қосымша жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар бұл туристер ескертпелерге қарамастан,  шетелге шығып кеткен. Бүгінде оларды қайтару, тамақтандыру, жеткізу, инфекцияның бар немесе жоғын анықтау бойынша шаралар қабылдануда", - деді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу