Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде отандық өнімдердің үлесі қандай екеніне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпы алғанда, өнімдердің шамамен 80 пайызы – отандық өнім. Қауымдастықтың дерегінше, айранның үлесі – 95 пайыз. Сүт өнімдерінің үлесі 80 пайызға жуықтайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алатын болсақ, орташа көрсеткіш – 80 пайыз. Ал нан өнімдері бойынша көрсеткіш 95-97 пайызға дейін жетеді", – деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Сауда және интеграция министрі ірі сауда желілері дүкен сөрелерінің кемінде 30 пайызын отандық өндірушілердің өнімдеріне бөлуге міндетті екенін еске салды.