Астанада министрге тіл тигізген тұрғынға үкім шықты

610

Сот елорда тұрғынын кінәлі деп танып, оған 180 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астанада министрге тіл тигізген тұрғынға үкім шықты Фото: egemen.kz

Астананың Есіл аудандық №2 соты ел алдында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке тіл тигізген 45 жастағы қала тұрғынына қатысты үкім шығарды. Сот анықтағандай, елордалық министрге азаматтарды онлайн қабылдап жатқан кезде тіл тигізген.

Сонымен қатар ол министрліктің өкіліне WhatsApp арқылы әдепсіз сөздер жазған. Іс бойынша сараптама жүргізілді. Жәбірленушінің ар-намысын қорлады деген қорытынды шығарған.

Сот елорда тұрғынын кінәлі деп танып, оған 180 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындады. Егер жұмыстан қашатын болса, қоғамдық жұмыстың 4 сағаты үшін 1 тәулікке қамауға алу есебімен жазаланады.

Бұдан басқа министр өзіне келген зиянды 1 теңге деп бағалаған. Оны сотталушы 15 күн ішінде төлеуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу